Футбол
1 мин оқу 126
Армениямен жолдастық матч өткізеді
<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылдың наурыз айында Алматыда Армения құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ұлттық құрама 2020 жылдың 23-30 наурызында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын аясында екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған – 27 және 30 наурыз күндері. Алғашқы қарсылас – Армения құрамасы. Ойын 30 күні Алматы қаласында өтеді. Екінші қарсылас кейін белгілі болады.
Бүгінге дейін Қазақстан мен Армения құрамалары жасыл алаңда 7 рет кездескен. Жерлестеріміз бір ойында ғана жеңіске жетсе, Армения төрт матчта басым түскен. Ал екі кездесу тең аяқталған. Қазіргі таңда Армения ФИФА рейтингінде 102-орында тұр.
Бөлісу: