Спорт
1 мин оқу 223
Словакия сан соқтырып кетті
<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Словакиядан ұтылды.</p>

Бірінші кезеңде гол соғылмады. Үзілістен кейін словакиялықтар алға шықты. Үшінші кезеңнің соңында жерлестеріміз таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Максим Мусоров. Дәл осы ойыншы алғашқы матчта дубль авторы атанған болатын. Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін ойын овертаймға ұласты. Бұл ретте Словакия құрамасының бағы жанды. Есеп – 2:1.
Естеріңізге сала кетейік, айтулы жарыстың тұсаукесер кездесуінде Қазақстанның хоккейшілері Швейцария құрамасынан 3:5 есебімен ұтылған болатын. Алдағы күндері отандастарымыз Финляндия мен Швеция хоккейшілерімен шеберлік байқасады.
Бөлісу: