Спорт
1 мин оқу 245
Үздік бестіктің қатарына кірді
<p style="text-align: justify;">Футзалдан Қазақстан құрамасы мау­сымды УЕФА рейтингінде 4-орынмен аяқтады. Жыл қорытындысы бойын­ша ұлттық құрамалар арасында УЕФА-ның жаңартылған рейтингі жарияланды.</p>

Жаңартылған рейтинг бойынша, Қазақстан құрамасы 2074 ұпай жинап, 4-орынға тұрақтады. УЕФА рейтингінде үздіктер көшін Испания құрамасы бастап тұр. Олардың еншісінде – 2112 ұпай бар. Ал 2099 ұпай жинаған Ресей екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті 2088 ұпаймен Португалия құрамасы қорытындылады.
Ал 2020 жылы өтетін әлем чемпионатының элиталы кезеңіндегі қарсыластарымыздың рейтингтегі орындары мынадай: Словения – 9-орын (1926 ұпай), Чехия – 11 (1802), Румыния – 13 (1756).
Бөлісу: