Президент
1 мин оқу 275
Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттер басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылады.
Екі елдің көшбасшылары тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі.
Бөлісу: