Аймақтар
1 мин оқу 1,081

Жұртшылық қуанышы – жаңа көпір

<p style="text-align: justify;">Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнде&shy;рінде Қазалы ауданында Әлсейіт көпірі қолда&shy;нысқа берілді. Осы&shy;ған орай өт&shy;кен жиын&shy;ға қаза&shy;лы&shy;лықтармен қа&shy;тар көршілес Арал ауданы тұр&shy;ғ&shy;ындары да қатысты. Аудан&shy;&shy;ға арнайы сапарлап барған облыс әкімі Қуа&shy;нышбек Ысқақов жыл тоғы&shy;сындағы жаңа&shy;лық&shy;қа орай жұртшылықты құт&shy;тықтады.</p>

Жұртшылық қуанышы – жаңа көпір

– Халқымыз ежелден-ақ шөл­ге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен ең үлкен сауапты іс екенін айтады. Диқандықты баба дәстүрі санаған Сыр бойында көпірлер құрылысы өткен ғасырларда да болды. Қараөзек тұсындағы Сау­ранбай көпірі, Жосалы кен­тіндегі Қармақшы өткелі, Қы­зылорда қаласындағы Оспан кө­пірі кешегінің көзіндей тарихи нысандар. Бүгінде біз ата-бабамыздың көпір салу дәстүрін заманауи үлгіде жаңғыртып, дамытып келеміз. Соның бір дәлелі осы көпір. Қуаныштарыңыз құт­­ты болсын, – деді аймақ басшысы.

Қазалы ауданының 7 ауылы мен көр­шілес Арал ауданына қарасты алты ауылда тұратын 20 мыңға жуық тұрғын осы кө­пірді ұзақ жыл күтіпті. Жиында жергілікті тұрғындардың атынан лебіз білдіріп, бата берген Бекарыстан би ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» ор­денінің иегері Қабақ Смағұлов кө­пір мәселесін алғаш рет сонау 1949 жылы ел ақсақалдары кө­тергенін еске алды.

Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бо­йынша салынған көпірдің жалпы ұзындығы 219 метр, 2 жолақты, ені 12 метр. Көпірдің екі жағынан 1,5 метр жаяу жүргіншілер жо­лы қарастырылған. Жалпы құ­ны 2,7 млрд теңге болатын құры­лыстың бас мердігері «КА-Строй ЛТД» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігі. Жаңа көпір­ден­ ал­ғаш рет осы компания көліктері жүріп өтті.

Қызылорда

Бөлісу: