Аймақтар
1 мин оқу 306

ШҚО-да жолдар жабылды

<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстанда автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы &laquo;Қазавтожол&raquo; хабарлады.<br /><br /><br /></p>

ШҚО-да жолдар жабылды

«Қазавтожол» таратқан хабарламаға сәйкес, ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Алматы-Өскемен» жолының 778-967 км жолында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы аймағында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы аймағында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 километрінде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты (боран, көріну нашарлау) «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 км, Көктұма ауылы-Достық ауылы маңында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.

Бөлісу: