Президент
1 мин оқу 231

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті

<p>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.  

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар