Қазақстан
1 мин оқу 251

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қызылорда, Ақмола&nbsp; облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады.&nbsp;</p>

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. 3 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 3 қаңтарда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 3 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар