Аймақтар
1 мин оқу 122

Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында республикалық мақсаттағы күре жолдардың бірқатар учаскеcі көліктің барлық түріне ашық. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 3-і сағат 09:00-ден бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 шақырымы (Щучье - Нұр-Сұлтан), «Щучье - Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучье - Зеренді),«Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» 42-51 шақырымы (Нұра ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды» дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін түнде ақтүтек боранға байланысты Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында жол жабылған болатын.

Бөлісу: