Қазақстан
1 мин оқу 390
Бүгін ауа райы құбылмалы болады
<h4 style="text-align: justify;">Бүгін, 3 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды.</h4>

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде баяу бұрқасын соғып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Бөлісу: