Аймақтар
2 мин оқу 1,640

Ауған соғысының алуан сипаты

<p style="text-align: justify;">Қоғамда Ауған соғысына, сол қанды қасапқа &laquo;Ин&shy;тер&shy;националдық борыш&raquo; деген желеумен жөнел&shy;тіл&shy;ген жауынгерлерге деген көзқарас уақыт өткен сайын құбыла түсіп, күр&shy;деленіп келеді. Бір тарап бұл қантөгісті сол кез&shy;дегі ортақ Отанның ал&shy;дын&shy;дағы қасиетті борыш&shy;ты өтеу деп таныса, бәз&shy;бі&shy;реу&shy;лер мұны бейбіт жат&shy;қан мұсылман еліне жа&shy;сал&shy;ған басқыншылық деген біржақты баға бе&shy;реді. Қа&shy;лай дегенмен, тарих&shy;та &laquo;Ауған соғысы&raquo; деген атпен қалған бұл қан&shy;ды оқи&shy;ғаның шындығы ег&shy;жей-тегжейлі айтылуы тиіс және ол айтыла береді де...</p>

Ауған соғысының алуан сипаты

Осы айтылғанның жарқын көрінісіндей, таяуда кеншілер астанасындағы облыстық тари­хи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан же­­рі­не енуіне 40 жыл және шы­ға­­рыл­ғанына 30 жыл толуына арнал­ған көрме ұйымдас­тырылды.

«Ардагер» ауған соғысы ар­да­­герлері мен мүгедектерінің ода­ғы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Ха­­сенов көрмеге қойылған жүзге тарта жәдігерді екі айға жуық уа­қыт жинағандарын айтады. Сө­ре­ге қойылған экспонаттар ара­­сында әскери киім-кешек, жарыл­ғыш заттар, оқ-дәрі сияқ­ты жәдігерлер, тіпті парашютке дейін қойылған.

– Бұл экспонаттардың бәрі шынайы, жауынгерлер қол­данған заттар. Осының бәрін біз бүгінгі жастар мен болашақ ұрпақ өз батырларын біліп жүруі және ұмытпауы үшін облыстық мұражайға табыстадық, – дейді Т.Хасенов.

Көрме сөрелеріндегі Ауған соғысының алуан сипатынан сыр шертетін жәдігерлерді қаладағы Т.Бигелдинов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеле­ну­шілері, студенттер мен мектеп оқу­шылары қызыға тамашалады.

Аталған мұражай директоры Ержан Нұрмағанбетовтің ай­туынша, атаулы даталар қар­­саңында музей қызмет­керлері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүр­­гізген. Соның нәтижесінде көр­ме қоры Ауған соғысына қа­тыс­ты фотоматериалдармен, сирек кез­десетін құжаттармен және құнды экспонаттармен толыға түсіпті.

– Бүгінде көптеген адам «Бұл – біздің соғыс емес» де­ген­ді жиі айта бастады. Бірақ ол соғыста жігіттер өздерінің ин­тернационалдық боры­шын өтеді ғой. Олар өз жас­тығын тәрк етті, біреу өмірін қиды, олардың көбі қазір біздің батырларымыз. Мұны естен шығармауымыз керек, – дейді мұражай директоры.

Экспозиция барысында қара­ғандылық фотосуретші жә­не режиссер Дәулет Әбді­рах­манов­тың «Қызыл із» атты фо­тоальбомының таныс­ты­ры­лымы өтті. Сондай-ақ ауған жерінде оққа ұшқан жа­уын­герлердің аналарына ме­рей­тойлық медальдар табыс етілді.

Жалпы, Қарағанды облы­сынан үш мың жауынгер Ауған­станда өз­дерінің интер­на­ционалдық борышын өтеген. Олар­дың 81-і жат жерде қаза тапса, екеуі із-түзсіз жо­ға­лып ке­тіпті. Қазіргі таңда облыс­та 1502 ардагер бар, оның 690-ы Қарағанды қаласында тұра­ды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Ауған соғысының алуан сипаты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар