Бірқатар ірі жарысқа қатысады
<p style="text-align: justify;">Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы жарыстарды бас­тайды. Қаңтар айында отандық спортшылар бірнеше ірі байрақты бәсекеге қатысады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

8-13 қаңтар аралығында Канаданың Монреаль қаласында қылыштасудан ерлер мен әйелдер арасындағы Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай мен Илья Мокрецов қатысады. 9-13 қаңтар күндері Кубаның Гавана қаласында семсерлесуден әйелдер арасындағы әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары анықталады. Аталған сында Ульяна Балаганская сынға түседі. Сондай-ақ 9-13 қаңтар аралығында Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогы өтеді. Германиядағы бәсекеге Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин және Сертай Ерлік қатысады.