Хоккей
1 мин оқу 161

Төменгі топқа түсіп қалды

<p style="text-align: justify;">Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда қалу үшін Германия хоккейшілерімен жұбаныш матчын өткізіп, үшінші кездесуде есе жіберді.</p>

Төменгі топқа түсіп қалды

Шешуші ойында Сергей Старыгин бап­­тай­тын Қазақстан жастар құрамасы гер­маниялық қатарластарынан 0:6 нәти­жесімен жеңіліп қалды. Үш ойын қорытындысы бойынша Гер­мания құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойында немістер 4:0 есебімен басым түссе, екінші ойында отандастарымыз 4:1 нәтижесімен қарсыластарынан айласын асырып кеткен-ді. Ережеге сәйкес, екі ойында жеңіске жеткен Германия құра­­масы эли­талық дивизионда өз орнын сақтап қа­ла­ды. Ал Қазақстан құрамасы келесі жылы әлем чемпионатының бірінші дивизионында Беларусь, Дания, Венгрия, Латвия және Норвегия хоккейшілерімен сынға түседі.

Айта кетелік, әлем чемпионатының фи­налын­да Ресей құрамасын 4:3 есебімен жең­ген Канада хоккейшілері чемпион атанды.

Бөлісу:
Төменгі топқа түсіп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар