Аймақтар
2 мин оқу 230

СҚО-да қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Қыстың көзі қырауда қатты бораннан жолда қалу және оның аяғы трагедиялық жағдайға соқтыру Солтүстікте жиі кездеседі. Жуырда Ғ.Мүсірепов ауданынан қайтып келе жатқан жолаушылар да тап осындай жағдайға тап болған.

СҚО-да қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Олар Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылынан тоғыз шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған. Қалың қар жолды жауып тастаған, ақ боран көліктерді де көміп қойған.

Құдайға шүкір, қазір әйтеуір қалтафондық байланыс бар ғой. Жолаушылар сонымен төтенше жағдай жөніндегі қызметке қоңырау шалған. Көз ашырмас боранда жолаушыларды құтқару жөнінде бұйрық алған сол маңдағы Архангелка ауылдық округының полиция инспекторы, капитан Атығай Темешев жедел қимылдап, құтқару операциясын ұтымды ұйымдастырды. Ауылдық округтың әкімі Алтын Ташеновамен бірге олар «жедел жәрдем» машинасын және трактор алып, жүргізушілерВладимир Борисов пен Артем Суров – бәрі батып тұрған көліктерді тауып, қар құрсауынан құтқарып, бара жатқан Благовещенка селосына дейін шығарып салған. «Мұндай жағдайда ауылдықтардың ұйымшылдығы, қайырымдылығы септігін тигізеді, олар қолдан келген көмектерін аямайды. Ең бастысы адамдардың үсіп қалуына жол берілмеді. Көліктегі жолаушылардың арасында балалар да болды», - дейді Атығай Темешев.

Осындай жағдай Есіл ауданында да болды. «Мицубиси Паджеро» көлігімен 14 жасар баласын ертіп балық аулауға барған балықшы кенеттен соғып кеткен боранның астында қалып, көлдің жағасынан шыға алмай қалған. Бұларды үсіп кетуден мобильдік байланыспен жеткен хабар бойынша жедел көмекке жеткен полиция қызметкерлері Данияр Жақыпов, Нұрсұлтан Аушахманов және Денис Войцеховкий жергілікті ЖШС-нің тракторшысы Денис Беляковты алып барып, қар құрсауынан құтқарып алды.

Бөлісу: