Бағдарлама көмегімен кәсіп ашты

Қызылорда облысындағы Әйтеке би кентінде «AQUA SERVICE» атты ерекше көлік жуу орталығы ашылды. Орталыққа келушілер көліктерін өздері жуады. Ол үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалған.

Үлкен қалаларда ғана кездесетін осы қызмет түрін ауданға алғаш алып келген жас кәсіпкер Еркін Алданазаров идеясын іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының көмегіне жүгініпті. 8,7 млн теңге несие алып, іс бастаған ол мұнда келген автокөлік иелеріне қаржысына қарай машиналарын тазалауға мүмкіндік жасалғанын айтады. Орталықта тұтынушыларға арналған күту залы да қарастырылған.