Қазақстан
1 мин оқу 290

Дариға Назарбаева Рождество мерекесімен құттықтады

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Астана және Қазақстанның митрополиті Александрға Рождество мейрамымен құттықтау жолдады.

Дариға Назарбаева Рождество мерекесімен құттықтады

- Сізді және Қазақстандағы православ дініне барша сенушілерді шуақты Рождество мерекесімен құттықтаймын.

Бұл мейрам түрлі халықтар мен мәдениет өкілдерін біріктіретін мәңгілік рухани құндылықтар мерекесі болып табылады.

Адамдар жүрегіне іңкәрлік пен  ізгіліктің, жақыныңа деген жылылықтың шуағын құятын Рождество күндері өмірді бағалай білуге және өзгелермен үйлесімді өмір сүруге үйретеді. Бейбітшілік пен игілік, ізгі ниет пен иманды істер осы мейраммен үндес келеді.

Қазақстан қоғамының әр мүшесіне осы құндылықтардың бәрі етене жақын. Сондықтан да біздің еліміз қарқынды қадам басып, әлеуметтік әл-ауқат пен рухани келісім нығаюда, экономика дами түсуде.

Ізгі мерекеге орай әрқайсымызға бейбітшілік пен игілік, іңкәрлік пен береке, өсіп-өркендеу тілеймін, - делінген құттықтауда.

Бөлісу:
Дариға Назарбаева Рождество мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар