Руханият
1 мин оқу 621

Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы дін істері басқармасының дерегінше аймақта миссионерлік қызмет айналысу үшін 29 заңды тұлғаға рұқсат берілген. Олардың жұмысы еліміздің &laquo;Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы&raquo; заңы негізінде қадағаланып отыр екен. Ал&nbsp; шетел азаматтарының миссионерлік қызметі басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынған.&nbsp;</p>

Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар

Дерекке сүйенсек ресми тіркелген 29 миссионердің ішінде 19 заңды тұлға католик дінін, 4 нысан протестанттық бағытты, 3 діни бірлестік ислам дінін уағыздаса, тағы 3 діни қауымдастық дәстүрлі емес діни нанымды ұстанушы, яғни, Кришна жолындағылар екен.

Сондай-ақ, Жетісудағы дін тарату ісі жолында 9 мемлекеттен келген шетелдік өкіл тер төгіп жүр. Олардың арасында Оңтүстік Кореядан келген 6 пірәдар, польшалық 6 миссионер, испаниялық 5 діндар, италиялық 2 әулие, түркиялық 2 молла, ресейлік 2 поп және Мысырдан - 1, Америкадан – 1 дін таратушы бар. Тағы 3 қазақстандық та осы діни ағартушылық миссия бағытында қызмет көрсетіп келеді.

Алматы облысы

Бөлісу:
Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар