Қазақстан
1 мин оқу 160
Air Astana Дубайға ұшатын рейстердің бағытын өзгертті
<p style="text-align: justify;">Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстердің бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады. </p>

Жоғарыда айтылған рейстер Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді. Осыған сәйкес ұшу уақыты да төменгідей ұзарады:
Алматы – Дубай 20 минутқа,
Дубай – Алматы 10 минутқа,
Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа
Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.
«Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе төменде көрсетілген Брондау және ақпарат орталығына хабарласып нақтылап алуды сұраймыз: 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сонымен қатар +7 702 702 4477 нөмірі бойынша», делінген хабарламада.
Бөлісу: