Аймақтар
1 мин оқу 283

Бейнеуде браконьерлер қолға түсті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Браконьер&raquo; жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Бейнеу ауданында полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Бейнеуде браконьерлер қолға түсті

Олардың басқаруындағы мотоциклден Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жойылып бара жатқан түр ретінде кіретін қарақұйрықтың еті, сондай-ақ 16 калибрлі екіауыздық тегіс ұңғылы мылтық, 23 оқ-дәрі, пышақ табылып, тәркіленді. Өздерімен бірге мотокөлікті басқаруға құжаттар болған жоқ. Қазір ұсталғандарға қатысты «заңсыз аң аулау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Аңға оқ жаудырған күдіктінің біреуі уақытша қамау абақтысына жабылды. Сот-криминалистикалық сараптама тағайындалып, мотоцикл айып тұрағына қойылды.

Бөлісу: