Бокс
1 мин оқу 1,070

23 жасар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

<p style="text-align: justify;">23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО)&nbsp;35 жастағы ирландиялық Гэри &laquo;Спайк&raquo; О'Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.</p>

23 жасар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Атап айтқанда, ол IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге, WBA Super және WBC (Franchise) титулдары бар мексикалық Сауль

«Канело» Альвареске (53-1-2, 36 КО), сондай-ақ, WBC нұсқасы бойынша америкалық чемпион Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.

«Мен дивизиондағы үздіктер - «Канело», Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді» деді Мунгия жеңісінен кейін.

Айта кетелік, ол О'Салливанды 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Алайда Мунгия бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Бөлісу:
23 жасар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар