Қазақстан
1 мин оқу 260

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК орталығының мамандары хабарлады.</p>

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында 13 қаңтарда, яғни ертең таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады. 

Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.

Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар