Италиямен тауар айналымы артып келеді
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе өңірінде 900-ге жуық шетелдік компания тір­келген. Облыс эконо­микасының көкжие­гін көтеруге осынша шетелдік ка­пи­талдың қатысуы са­лық­тық базаның ұлғая тү­суіне оң әсерін тигізуде. Соң­ғы кездері шетелдік ин­вес­тициялар тарту көлемі жөнінен Ақтөбе облысы өңір­лер арасында алдыңғы орынға шық­ты. <br /><br /></p>

Ақтөбелік атқарушы органдар Италия мемлекетімен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мұның басты көрінісі аймақта бес италиялық компанияның қызмет жасап жүргендігі. Берік байланыстың нәтижесі екі жақтағы тауар айналымының өсуіне де алғышарт болады. 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша оның көлемі 130 миллион АҚШ долларына жуықтады.
Әрине бұл мүмкіндіктің шегі емес. Сондықтан да Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д’Авино мен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің кездесуі кезінде екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдету әрі қаржылық-экономикалық тұрғыдан өзге гуманитарлық-мәдени салаларда да сапалық өзгерістер жасау жөнінде ұйғарымдар жасалды.
АҚТӨБЕ