Спорт
1 мин оқу 170
Эстафетада 17-орын алды
<p style="text-align: justify;">Биатлоннан Германияның Обер­хофф қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының төртінші кезеңінде Қазақ­стан ерлер командасы эстафетадан 17-ші орын иеленді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Эстафетаға жалпы есебі 26 команда қатысты. Қазақстан атынан Антон Пантов, Роман Еремин, Владислав Витенко және Тимур Куц жарыс жолына шыққан болатын. Тартысты бәсекеде қазақстандықтар 17-ші орын иеленді. Сондай-ақ Әлем кубогы рейтингінде Қазақстан командасы екі орынға жоғарылап, 21-ші сатыға тұрақтады.
Ерлер арасындағы эстафетада Норвегия топ жарса, Франция күміс, Германия спортшылары қола жүлдегер атанды. Ал әйелдер командасы арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 19-шы орыннан көрінді.
Бөлісу: