Парламент
1 мин оқу 370

Орталық жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Алматыда Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов &laquo;Бақытты отбасы&raquo; орталығының жұмысымен танысты.</p>

Орталық жұмысымен танысты

Депутаттармен кездесуге ор­та­лыққа қаланың әр ауданынан жиналған 40 шақты көп балалы ана арнайы келіп қатысты. Кездесу барысында көп балалы аналардың мұң-мұқтажы тыңдалды. Аналар әртүрлі тақырыптарды көтерді. Көптеген сұрақ атаулы әлеу­меттік көмек алуға қатысты болды, оған Мәжілістің вице-спи­кері Гүлмира Исимбаева егжей-тег­жейлі түсініктеме берді.

Сонымен қатар көп балалы аналар тұрғын үй, тұрғылық­ты жері бойынша тіркелу, ипоте­ка­лық несие және т.б. сұрақ­тар­ға жауап алды. Орталық жетек­ші­сі Зульфия Байсақова мә­жі­ліс­мендерге орталықтың көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауы бойынша мәлімет берді.

Орталықта мамандар аналарға жаңа мамандықтарды игеру бо­йынша курстар өткізіп, психо­логиялық және құқықтық кеңес берілетінін айтты. Сондай-ақ кездесуге Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, Nur Otan партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласы Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қатысты.

Бөлісу:
Орталық жұмысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар