Аймақтар
1 мин оқу 600

«Тентек» шахтасына 40 жыл толды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында &laquo;Тентек&raquo; шахтасының 40 жылдық мерейтойына байланысты салтанатты шара өтті.</p>

«Тентек» шахтасына 40 жыл толды

Қала әкімі Сержан Аймақов кеншілерді мерейлі датамен құттықтап, еңбекте озат шыққан бір топ  қызметкерге құрмет грамоталарын табыс етті. Сонымен қатар, мерейтой салтанатында үздік қызметкерлер I және II дәрежелі «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды.

Қазіргі таңда «Тентек» шахтасында 1218 адам еңбек етеді. Өткен жылы кәсіпорын 677 357 тонна «қара алтын» өндірді.

– Қырық жыл ішінде толайым табыстарға қол жеткіздік. «Тентек» шахтасы жас кәсіпорын. Оның болашағы өте зор, – дейді «Тентек» шахтасының директоры Төлеген Шаяхметов.

Қазіргі уақытта шахтада жаңа оқпан құрылысы қарқынды жүріп жатыр.  Оның болжамды тереңдігі – 830 метр. Мұндағы көмірдің өнеркәсіптік қоры 90 млн тоннадан асады және ол 60 жылға жетеді деп есептелген. Жоспарға сай нысан  2021 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Бөлісу:
«Тентек» шахтасына 40 жыл толды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар