Спорт
1 мин оқу 190
Италияда шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің оныншы кезеңі аяқталды
<p style="text-align: justify;">Италияның Валь-ди-Фьемме аймағында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің оныншы кезеңі мәресіне жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Қазақстандық Сергей Ткаченко бірінші мүмкіндігінде 26-шы орын алды. Ал екі мүмкіндік қорытындысы бойынша 243,2 ұпаймен 29-шы сатыға тұрақтады. Әлем кубогі кезеңінің қорытындысы бойынша Карл Гайгер жеңімпаз атанды. Штефан Крафт екінші, Давид Кубацки үшінші орында.
Бөлісу: