Спорт
1 мин оқу 190
Үстел теннисінен іріктеу турнирінің нәтижесі белгілі болды
<p style="text-align: justify;">8-11 қаңтар күндері үстел теннисінен Алматы қаласында республикалық турнир өтті. Аталған турнир нәтижесі бойынша ұлттық құрамаға спортшылар іріктелді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Үш күнге созылған додада ерлер арасында алматылық Тимур Кельбуганов үздік болса, әйелдер арасында қарағандылық Зауреш Ақашева жеңімпаз атанды.
Жарыстың күміс жүлдесіне Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) мен Айдос Кенжеғұлов ие болса, Сарвиноз Миркадирова (Шымкент) мен Деас Мархабаев (Ақтөбе) қоланы қанағат тұтты.
Бөлісу: