Жаңалықтар
1 мин оқу 344

Шымкентте туғандарын өлтірген жігіт 23 жылға сотталды

Тюрьма-вышка

Шымкентте өз әжесі мен екі әпкесін айуандықпен өлтірген жас жігітке қатысты сот үкімі шықты. Енді қандықол қылмыскер 23 жыл өмірін қатаң режимдегі қапастың арғы жағында өткізетін болады. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Үлкен апасы, яғни әкесінің анасы мен екі әпкесін пышақтап өлтіргені үшін 28 жастағы жігіт тиісті жазасын алды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96 және 175-баптарына сәйкес айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады» дейді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы міндетін атқарушы Әбинұр Қарабаев.

Айта кету керек, прокурор айыпталушыға өмір бойы абақтыға қамау жазасын беруді сұраған болатын.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында жас жігіт өзінің әжесі мен екі әпкесін пышақтап өлтірген болатын. Криминалистер марқұмдардың денесінен 50-ден астам пышақ жарақатының орнын тапқан.

Мұрат Айтқожа.

Бөлісу:
Шымкентте туғандарын өлтірген жігіт 23 жылға сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар