Футбол
1 мин оқу 521

Футбол: Табысы ең көп командалар кімдер?

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияның әйгілі Deloitte&nbsp;аудиторлық-консалтингтік компаниясы әлемдегі табысы ең көп футбол клубтарының тізімін жариялады.&nbsp;</p>

Футбол: Табысы ең көп командалар кімдер?

2018/2019 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша олжаға молынан кеңелген командалар көшін Испанияның «Барселонасы» бастап тұр.  Сол аралықта каталониялық клубтың бюджеті 840,8 миллион евромен толықты. Бұл – рекордтық көрсеткіш!

Испанияның тағы бір гранды – Мадридтің «Реалы» екінші орынды иеленуде. Корольдік клубтың табысы  757,3 миллионды құрады.

Үздік үштікті «Манчестер Юнайтед» қорытындылап тұр. Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін айтулы ұжым 711,5 миллион көлемінде табыс тапқан.

Сондай-ақ табысы ең көп «ТОП-10» команданың қатарында мыналар енді: «Бавария» (Германия) – 660,1; ПСЖ (Франция) – 635,9; «Манчестер Сити» (Англия) – 610,6; «Ливерпуль» (Англия) – 604,7; «Тоттенхэм» (Англия) – 521,1; «Челси» (Англия) – 513,1 және «Ювентус» (Италия) – 459,7 миллион евро.

Бөлісу:
Футбол: Табысы ең көп командалар кімдер? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар