Президент
1 мин оқу 383
Президент жастарға елдік мүддеде Абай еңбектеріне жүгіну керектігін айтты
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу барысында айтты.</p>

«Абайдың «Толық адам» тұжырымы өміріміздің кез-келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінде, бизнес пен отбасы институттарында негізгі тұғырға айналуы керек. Мұның бәрі интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін қажет», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент ұлы Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы деуге болатынын атап өтті.
«Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде ұлы ақынның еңбектеріне жүгінуіміз керек. Бұл – жаңғыру жолындағы аса маңызды қадам. Халқымыз, әсіресе, жас буын Абайдың сара жолын жалғауға баса мән беруі тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу: