Аймақтар
1 мин оқу 190
Қарағанды облысында елік атқан браконьер қолға түсті
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының аумағында «Браконьер» шұғыл-сауықтыру шаралары барысында табиғат қорғау полицейлері күдік тудырған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген болатын.</p>

Тінту барысында аталған көліктің ішінен жас ет пен мылтық және оның оқтары табылды. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, ет еліктікі болуы мүмкін. Қолға түскен браконьер – Қарағанды қаласының 63 жастағы тұрғыны өзінің заңсыз аң аулағанын мойындады.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу: