Жаңалықтар
1 мин оқу 1,040

Әлия Молдағұлова жерленген жер жайлы тың дерек табылды

МОЛДАГУЛОВА

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың жерленген жерін табу үшін Ресейдің Псков облысына елімізден екі азамат аттанды. Бұл туралы «1 Еуразия» телеарнасы хабарлады.

Осыған дейін Әлия Молдағұлованың Псков облысының Новосоколь­ники ауданындағы Монаково ауылының оң­түстiк-батысындағы бауыластар зиратына жер­ленгені туралы айтылып келген еді. Енді мұрағат құжаттарын қайтадан атқарған ресейлік өлкетанушылар Әлияның қалың орман ішіндегі бауырластар зиратына жерленгенін мәлімдеп отыр. Елден Ресейге аттанған екі азамат осы дерекке көз жеткізу мақсатымен үш аптаның ішінде батпақты өлкеде жерленген 32 жауынгерді анықтайтын болады.

Данияр Түймебай.

Бөлісу:
Әлия Молдағұлова жерленген жер жайлы тың дерек табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар