Аймақтар
2 мин оқу 570

Шалғай елді мекендер шалажансар күй кешіп тұр

<p style="text-align: justify;">Парламент депутаттарының өңірлерге сапары кезінде жергілікті жердегі бірқатар мәселелердің беті ашыла бастады. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі қордаланған әлеуметтік түйткілдер Нұр-Сұлтан шаһарынан келген депутаттардың назарына ұсынылды. Қаншама жылдан бері жабулы қазан күйінде қалған мәселені жарыса баяндаған жаңаталаптықтар ауыз су мен көгілдір отыннан тапшылық көріп отырғандарын жеткізді. &laquo;Жоққа жоқ жамалады&raquo; дегендей елді мекендегі кәріз жүйесі мен қоғамдық көліктің &laquo;жыры&raquo; да өз алдына бөлек әңгіме.</p>

Шалғай елді мекендер шалажансар күй кешіп тұр

Жуырда Парламент Мәжі­лісінің депутаттары Дар­хан Мыңбай мен Нұржан Әл­таев­пен кездескен тұрғын­дар та­лап-тілектерін ашына айтты.

 «Әкімдер жарты жыл сайын ауысады. Жаңа келгендері құрғақ уәдемен қарық қылып тастайды. Осында тұрып келе жат­қанымызға 20 жылдан асты. Әлі көшеде белуар­дан лай кешіп жүрміз. Ауылдағы жағ­дай­ды бүкпесіз айтар болсам, тұр­ғын­дар ауыз суды аула­дан кезекке тұрып, тасып ішіп, тамақты баллондағы газ­­ға жасап жүр. Ал қыстыгүні жылытқышты қосуға мәж­бүр. Осылайша, бір пәтер­де бір бөлме ғана жылып, тұр­­ғын­дары сыртқы киім­мен бүр­сеңдеп жүр», дейді Алтын­шаш Есен­гелдиева.

Анығында, Абай ауданына қарасты бұл елді мекеннің қала қатарына қосылғанына 4 жыл болса да инфрақұрылым жүйесі әлі реттелмеген.

Тұрғындармен тек депутаттар келгенде ғана кездескен аудан әкімі Ғалымжан Төлепов Жаңаталапқа ауыз су тарту үшін бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлін­генін жеткізді. Сондай-ақ жыл соңына дейін ауыз су әр үйге тартылып, мәселе оңды шешім табатынына сендірмек болды.

Үшінші мегапо­лиске қо­сыл­ған елді ме­кенде кәріз жү­йе­сі қа­растырыл­маған­дық­тан ауыл­дың ішкі атмосферасы да бұ­зыла бас­таған. Өр­кениеттен алшақтап қал­ған елді мекенге кәріз жүйесі тар­­тыл­майынша Жаңаталап кү­лім­­сі иістен арыла қоймасы анық.

Естеріңізге салар болсақ, Шым­кент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов былтыр күз айында қалаға қосылған елді мекендерді аралап, «қаланың шеткі аудандарын Шымкенттің орталығындағыдай етуге қыз­мет етемін», деген еді. Тіпті рес­публикалық, жергілік­ті бюд­­­жеттен бөлінген қаржы­ның қомақты бөлігін осы елді ме­кен­­дердегі ауыз су, автожол, жа­рық, көгілдір отын, қо­ғам­дық кө­лік, кәріз жүйесін рет­теу­ге жұм­сайтынын хабар­лаған болатын.

«Өздеріңізге мәлім, Шым­кент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрық­ша назар аударып отыр. Халықтың тұрмысын жақсар­ту бойын­ша нақты тапсырмалар берді. Менің басты мақсатым – шал­ғайда орналасқан елдіме­кен­дердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау», деген-ді үшінші мегаполис басшысы.

Алайда, әзірге жарығы жайнап, жолы даңғырап, қоғамдық көлігі үзіліссіз қатынап жатқан елді мекен көрмедік. Сол баяғы жүнжіп отырған көнбіс қара халық. Мың сан шаруасы ше­­шіл­­мей қалаға қосылған жұ­пыны ауылдар жетерлік.

Қаланың шалғай елді ме­кені түгілі шаһардың қақ орта­сындағы «Тұран» шағын ауданында да әлеуметтік түйткілді мәселе шаш-етектен...

Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Бөлісу: