Аймақтар
1 мин оқу 332

Маңғыстауда синтетикалық есірткі жеткізушілер құрықталды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының аумағында синтетикалық есірткі жеткізумен ұзақ уақыт айналысқан&nbsp; топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Маңғыстауда синтетикалық есірткі жеткізушілер құрықталды

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде Алматы қаласының тумасы - екі ер адамды ұстады. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана кішкентай пакеттерге салынған синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Бөлісу: