Технология
2 мин оқу 456

Бірыңғай қуаттағыш шығаруды міндеттемек

<p style="text-align: justify;">Еуропарламент бүкіл ұялы телефон өндірушілерді бірыңғай қуаттағыш шығаруға міндеттемек. Бұған бүкіл смартфондар, планшеттер мен электронды кітап оқитын құрылғының бәрі кіреді. Қазіргі таңда әр компания түрлі қуаттағыш шығаратыны белгілі.</p>

Бірыңғай қуаттағыш шығаруды міндеттемек

Заң жобасын ұсынушы­лардың айтуынша, мұндай қадамға баруға электронды құрылғылардан қалатын қоқыс әсер етіп отыр. «Қуат­тағыштардың әртүрлі болуы қолдану үшін ғана тиімсіз емес. Жыл сайын электронды құрылғы қоқысын 51 000 тоннаға арттырып отыр. Бұл – өте көп», дейді Еуропа пар­ла­ментінің мүшесі Хилде Ваутманс.

Еуропарламенттің тағы бір депутаты Петра де Сюттер­дің сөзіне қарағанда, бүкіл теле­фон­ға ортақ қуаттағыштың бол­мауының басты себебі – алпауыт компаниялардың лобби жасауында жатыр. Мәсе­лен, Apple компаниясы нарық­тағы өз жүйесін ұстап қалуды көздейді.

«Қарт құрлықта» мұндай жоба алғаш рет ұсынылып отырған жоқ. 2009 жылы Еуро­палық комиссия электронды құрылғы өндірушілермен келісіп, бірыңғай қуатта­ғыш шығаруға келіскен бол­а­­­тын. Тіпті кез келген келісімге көне қоймайтын Apple компа­ния­сы да мұндай талапқа кө­ніп, Еуропалық одақта қол­да­ны­латын арнайы қуат­тағыш шы­ғарған-тұғын.

Алайда, бұл бастама ерікті түр­де жүргендіктен, 2014 жы­лы оның мерзімі аяқталды. Сөй­­тіп элект­ронды құрылғы өн­­дірушілер қай­тадан бұрынғы әніне басқан-ды.

Жалпы, бірыңғай қуат­та­ғыш шығару ең әуелі Apple ком­паниясына әсер етпек. Өйт­кені Huawei, Samsung секілді телефон нарығындағы үлкен компаниялар USB-C қуаттағы­шын қолданады. Apple секілді кейбір өндірушілер ғана құ­рыл­ғы­ларын дербес қуат­тағыш түріне бейімдеген.

2018 жылы Еуропалық пар­­­ла­мент қайтадан бастама көтеріп, элект­ронды құрылғы на­ры­ғы­на қатысы бардың бәрін үнқосу­ға шақырды. Көп ұзамай Apple осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасаған-ды. Ком­­панияның сөзіне сүйенсек, мұн­дай талап телефон қуатта­ғы­шын шығарушылардың жұмы­сы­на кедергі келтіреді. Өйт­кені олар ізденіп, жаңаша әдіс ұсыну­дың орнына бір орында тұрақтап қалмақ.

Сондай-ақ Apple экология­лық таза қуаттағыш шығаруды қолға алғанын да алға тарт­­ты. Қазіргі таңда 1 миллиардқа жуық осындай өнім саудаға шы­ғарылып үлгеріпті. Дегенмен компания сақтық ретінде кей­бір өнімдерін USB-C түріне ауыстыра бастады.

Еуропа парламентіндегі бүкіл сая­си топтар да бұл жобаны қол­­дап отыр. Осыған байланыс­ты қарар ақпанда дауыс беруге ұсы­­ны­л­мақ. Қысқа­сы, алда-жа­лда Еу­ро­палық парламент Apple се­кіл­ді комп­а­ния­ларды бірың­ғай қуат­­­­та­ғыш шығаруға мін­дет­те­се, мұ­­ның бүкіл әлемге әсер ете­ті­нін бол­­жау қиын емес. Өйт­кені түрлі на­рыққа арнап бір­неше қуат­тағыш шығарғаннан, бір түрін ғана өндірген тиімді болатыны түсінікті.

Бөлісу: