Спорт
1 мин оқу 272

Кувейт турнирінде топ жарды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Кувейтте нысана көздеу және стенд атудан халықаралық Гран-при турнирі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық мергендер сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Кувейт турнирінде топ жарды

Стенд атудан «Скит» бағдарламасында отандасымыз Александр Мұхамедиев қарсыластарынан оза шауып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Ещенко жүлдеге қол созым жерде сүрініп, төртінші орынды қанағат тұтты.

Әйелдер арасындағы «Скит» бағдар­ламасында да қандастарымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Әсем Орынбай күміс жүлде иеленсе, Анастасия Молчанова қолаға қол жеткізді. Ал финалда сынға түскен тағы бір спортшымыз Зоя Кравченко алтыншы орында қалып қойды.

Бөлісу:
Кувейт турнирінде топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар