Аймақтар
1 мин оқу 230
Павлодар облысында 1 млрд-тан астам жолаушы тасымалданған
<p style="text-align: justify;">Облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, облыс бойынша жолаушылар тасымалдау бағыттарының желісі 167 автомобиль жолдары, 14 теміржол, 6 әуе маршруттарынан тұрады.</p>

Ал өткен жылы теміржол бағытын есепке алмағанда, жалпы саны 1 млрд 131 мың адам және 121,3 миллион тонна жүк тасымалданған.
Ұшақ арқылы ұшқан жолаушылардың саны 236,9 мың адамға жеткен.
Қазір FlyArystan әуе компаниясы Павлодардан Алматы және Нұр-Сұлтанға дейінгі бағыттарда ұшады.
Сонымен бірге Павлодардан Алматыға дейінгі бағытта күніне екі рет ұшатын болмақ.
Павлодар-Қарағанды-Павлодар және Павлодар-Ақтөбе-Павлодар әуе рейстерін ашу мүмкіндігі бар.
Бөлісу: