Қоғам
1 мин оқу 213
Елордада қар шығаруға арналған 4 полигон жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданының өзіне тиесілі 4 қар полигоны бар. Бұл полигондарға ірі мекемелер, құрылыс дүкендері, ойын-сауық орталықтары, жеке меншік мекемелер қар шығара алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Бүгінде қаладағы екі полигон қарға толып, орнына басқа екі полигон ашылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда осы жылы 46,2%-ға қар көп шығарылғанын айта кеткен жөн.
Жалпы осы уақытқа дейін 1 917 830 текше метр қар қала сыртына төгілді (159 819 рейс). Елорданың коммуналдық мекемелері қар шығару жұмыстарын 3 ауысымда күшейтілген режимде атқарып жатыр.
Бөлісу: