Спорт
1 мин оқу 280

Александр Савин семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үштікке енді

<p style="text-align: justify;">19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі&nbsp; өтті. Оған Қазақстан командасының төрт спортшысы қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Александр Савин семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үштікке енді

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Савин қола жүлдегер атанды. Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анаркулов 16-шы орынға табан тіреді. 

Алтын медаль ресейлік Дмитрий Швелидзенің еншісінде. Күміс медаль италиялық Джулио Гаетиниге бұйырса, екінші қола жүлдені Ресей өкілі Владимир Толасов иеленген.  Жарысқа жалпы есебі 61 спортшы қатысты.

Бөлісу: