Қазақстан
1 мин оқу 360
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?
<p>«Қазгидромет» РМК 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын хабарлады.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномалды ауа температурасы сақталады.
«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін», делінген хабарламада.
Бөлісу: