Руханият
1 мин оқу 160
Елбасы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.
Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту ресми түрде басталды.
Мерекелік концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.
Осыған дейін елордада қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өткенін хабарлаған едік. Салтанатты жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Бөлісу: