Әлем
1 мин оқу 250
Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін бекітті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Өзбекстан парламенті елдегі премьер-министр лауазымына Абдолла Ариповтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span></p>

Бүгін болған заң шығарушы палата мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысында Өзбекстан мемлекетінің президенті Шавкат Мирзиёев Олий Мәжіліске елдің премьер-министрі қызметіне Абдулла Ариповтың кандидатурасын қарастыруды ұсынды.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша А.Ариповтың кандидатурасына заң шығарушы палатаның 148 депутаты дауыс беріп, біреуі – бейтарап, 1 – қалыс қалды. Сенаторлардың ішінде 94-і А.Ариповты қолдаса, үшеуі қалыс қалған.
Бөлісу: