Қазақстан
1 мин оқу 110

Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді

<p style="text-align: justify;">24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында &laquo;Жайық қыраны &ndash; 2020&raquo; республикалық турнирі өтеді.&nbsp; Байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді

«Қансонар – қазақ халқы үшін бұрыннан келе жатқан аңшылық дәстүр.

Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Бұл турнир 2018 жылдан бері «Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын. 

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры 1.5 млн теңге» делінген хабарламада.

Бөлісу:
Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар