Президент
1 мин оқу 726
Президенттің Абай туралы мақаласы түрік газетінде жарық көрді
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы Түркияның «Önce Vatan» басылымына шықты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жариялады. </p>

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түрік тіліне аударылып, Түркияның «Önce Vatan» газетінде жарияланды. Абай - түбі бір түркі дүниесінің ортақ ойшыл-шайыры!» деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Мақаланы түрік тіліне Халықаралық Түркі академиясы аударған.

Бөлісу: