Ақтау битум зауыты 2019 жылғы өндіріс жоспарын артығымен орындады
<p style="text-align: justify;">2019 жылдың қорытындысы бойынша 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК» ЖШС жол битумын өндіру көлемі 369 073 тоннаны құрады. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 23%-ға артық. Салыстыратын болсақ, 2018 жылы зауыт 308 286 тоннаны өндірген болатын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.</p>

Мұнайды өңдеу көлемі былтыр 885 969 тоннаға дейін жетті. Бұл өз кезегінде жоспардан 15%-ға артық (2018 жылы – 819 000 тонна).
2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау битум зауытының өнімін ең көп Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстары пайдаланады екен. Олардың үлесі сәйкесінше 18,5%, 18,1% и 10,6% құрайды.
Ақтау битум зауыты техникалық сипаттамалары бойынша сапасы жоғары жол битумын шығару үшін ең оңтайлы шикізат болып табылатын «Қаражанбас» кен орнының мұнайын жылына 1 млн тоннаға дейін өңдей алады.