Шымкенттегі жоғары оқу орнында «Ашық есік» күні өтті
<p style="text-align: justify;">М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінде Шымкент қаласының мектептерімен, колледждері бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.</p>

Іс - шараға шаһардағы № 6, 8, 32, 37, 47, 50, 61, 70, 78, 79, 86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері қатысып, шетелдік мамандардың дәрісін тыңдады.
«Ашық есік» күніне № 6, 8, 32, 37, 47, 50, 61, 70, 78, 79, 86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері сынып, топ жетекшілерімен келді.
Бұл шараға Калифорния университетінің оқытушысы (АҚШ) Ави Тэффер, Урумчи экономикалық университетінің оқытушысы, магистр (Қытай) Луань Син Жунь, Н.Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ОҚМУ-нің докторанты Махмудов Гаухарбек Равшанбекович бітірушілерге қызықты сұхбат берді. Тағылымды шараны филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілеубердиев жүргізіп отырды.