Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары келеді
<p style="text-align: justify;">31 қаңтар - 1 ақпан аралығында Қазақстан Үкіметінің шақыруы бойынша БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның 75-жылдық мерейтойын ұйымдастыру жөніндегі Арнайы кеңесшісі Фабрицио Хохшильдтің сапары күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.</p> <p style="text-align: justify;"><br /><br /></p>

«Сапар барысында 31 қаңтарда Фабрицио Хохшильдтің «Digital Almaty» форумына қатысуы, Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевпен кездесуі, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан Халықаралық ұйымдардың ғимаратына баруы жоспарланып отыр» деді елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, 1 ақпанда БҰҰ өкілінің сапары Нұр-Сұлтан қаласында жалғасып, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты кездесуі, инновациялар жөніндегі «Астана хабына» баруы және Қазақ мемлекеттік заң университетінің студенттерімен кездесуі өтеді.