CISM спорт комитеті басшыларының отырысы өтті

Доха қаласында (Катар Мемлекеті) CISM Президентінің басшылығымен спорткомитеттері басшыларының отырысы өтті. Қазақстан Қорғаныс Министрлігінен бұл отырысқа ҚР ҚМ АОСК спорт комитетінің басшылығы қатысты.

Халықаралық әскери спорт Кеңесі 135 елдібіріктіретін және Дүниежүзілік әскери ойындардықоса алғанда, маңызды халықаралық спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылатынәлемдегі ең ірі спорт ұйымдарының бірі болыптабылады. Кездесуге қатысушылар әскери-қолданбалы және олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ кездесу барысында «Самбо» спортының жаңа түрін CISM бағдарламасына және спорттық шаралардың екі жылдық жоспар-кестесін енгізу туралы ұсыныс қаралды.
Отырыста VII Дүниежүзілік әскериойындарының қорытындысы шығарылып, ондакомитеттің әрбір Президенті жетекшілік ететінспорт түрлері бойынша атқарылған жұмыстартуралы баяндады. Белгілі болғандай, ойындарды өткізу кезінде спорттық бағдарлау, футбол және баскетбол бойынша ұйымдастырушылар тарапынан ережелерді өрескел бұзуға жол берілген. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін әрбір жағдай бойынша тергеу тағайындалған.
«CISM жыл сайын әртүрлі спорт түрлеріненәскери қызметшілер арасында 20-дан астам әлемчемпионатын және әр төрт жыл сайын Дүниежүзілік жазғы және қысқы әскериойындарды ұйымдастырады. Бұл әскери қызметшілерге арналған Олимпиада» – деп атап өтті Спорт комитетінің төрағасы ҚР ҚМ АОСК бастығы Айталап Қорғанбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері CISM басшылығының құрамына енді және 2019 жылдың қазанынан бастап бокс бойынша комитетті басқарады.