Қазақстан
1 мин оқу 342
Елбасы Түркия халқына көңіл айтты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. </span></p>

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. «Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.
Бөлісу: