Саясат
2 мин оқу 313

Шығыны табысынан көп холдингтер бар

<p style="text-align: justify;">Президент Қ.Тоқаев еліміздегі аса ірі квазимемлекеттік холдингтерге қатысты бірқатар сын айтты. Мұндай холдингтердің қатарында &laquo;Бәйтерек&raquo;, &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; &laquo;ҚазАгро&raquo;, &laquo;Зерде&raquo; және тағы басқаларын тілге тиек етуге болады.</p>

Шығыны табысынан көп холдингтер бар

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақ­стан экономикасында квази­мемлекеттік және мемлекет­тік сектор­дың үлесі өте үлкен. Мем­лекеттің қатысы бар компанияларда барлығы 300 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Бұл дегеніміз – жұмысқа қабілетті халықтың 3,5 пайызы.

Холдингтердің портфельдік компанияларының активтері ІЖӨ-нің жартысына жуығын құрай­ды. Бұл – өте үлкен көрсет­кіш. Олардың қаншалықты тиім­ді жұмыс істеп жатқанын қай­та қарастыру керектігі туралы Мемлекет басшысының тара­пынан бұған дейін де ай­тыл­ған болатын. Бұл орайда «Бәйтерек» ҰБХ еліміздегі ең ауқымды экономикалық бағдар­ламаларды жүзеге асырумен айналысатынына назар аударған жөн. Яғни, оның тиімсіз жұ­мыс істеуі экономикалық бағдар­ламалардың да тиімді жүзе­ге асырылатынына күмәнмен қарау­ға жетелейді.

2018 жылы «Бәйтерек» хол­дингінің табысы 35 млрд тең­гені құрады, ал әкімшілік шығын­дары­ның көлемі 43 млрд теңге бол­ды. 43 млрд теңгенің 21 млрд-сы қызметкерлерге жұм­сал­­ған. 2017 жылы атал­ған хол­дингтің әкімшілік шығын­дары 39 млрд теңге болды. Яғни, хол­дингтің жыл­дық шығыны табы­сы­нан әлде­қайда жоғары деген сөз. Осы­ған байланысты штаты­ның тым көптігі туралы мәселе көтері­л­гені орынды деп санаймын.

Президент халықтың әл-ауқа­тын көтеру міндетін алға қойып отыр. Әлеуметтік төлем­дерге жұм­салатын шығын көлемі ұлғаю­да. Осындай кезеңде хол­дин­г­тердің әкімшілік және басқа да шығындарын азайтып, шектен тыс ұлғайып кеткен штатын ықшамдау мәселесінің өзектілігі арта түседі.

Вячеслав ДОДОНОВ,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы

Бөлісу: